Ресей басылымы: Бельгия Қазақстанға төрт доптан артық соғады
Ресейлік «Евроспорт» сайты Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өтетін Бельгия - Қазақстан кездесуіне болжам айтты.
- Роберто Мартинестің командасын қарсыластарын алғашқы минуттардан бастап тығырыққа тіреп үйреніп қалған. Мысалы, Швейцарияға екінші минутта Азар, Ресейге 14 минутта Тилеманс гол соқты. Кипрмен болған матчта тағы сол Азар оныншы минутта-ақ мергендік танытты.
Қазақстанға қарсы Бельгия командасына қиындық туа қоймас. Бірақ, сенімді жеңіс үшін ойын басталысымен қарсылас қақпасына тап береді. Тіпті, бельгиялықтар 4 голдан артық соғуы да бек мүмкін. Бұл матчта Қазақстан ірі жеңілістен қашып құтыла алмайды - деп жазды сайты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или