Mastercard Неймармен серіктестігін уақытша тоқтатты

Mastercard Неймармен серіктестігін уақытша тоқтатты

Mastercard халықаралық төлем жүйесі ПСЖ мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймармен серіктестігін тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Естеріңізге салсақ, модель Нажила Триндади футболшыны зорлады деп айыптаған болатын. Артынша модель Неймармен өзара келісім бойынша қонақүйге барғанын, бірақ футболшы оған күш көрсеткенін айтқан еді.

«Бізде маркетингілік кампаниялар сериясы бар. Неймарға қатысты жанжал шешілгенге дейін футболшы брендіміздің елшісі болған кампаниялардың бәрін тоқтата тұруды жөн көрдік», - деп жазылған Mastercard хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или