Қазақстан жастары ЕУРО іріктеуін жеңіспен бастады

Қазақстан жастары ЕУРО іріктеуін жеңіспен бастады

Футболдан жастар арасындағы 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан U-21 құрамасы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

6-топ аясындағы алғашқы турда қазақстандық жастар құрамасы сырт алаңда Фарер аралдарымен кездесті.

Матч жылдам голмен басталды. 2-минутта Еркебұлан Сейдахметтің пасынан кейін Акмаль Бахтияров есеп ашты. Ал екінші таймда Дмитрий Бачек алаңға шыққан алғашқы минутында-ақ есепті еселеді. Матчтың соңына қарай Стефан Радославлевич есеп айырмасын қысқартқанымен, Қазақстан футболшылары жеңіс есебін қолдан жіберген жоқ. Ойын соңында <span>Александр Москаленко</span> тағы бір рет көрегендігін танытты. 88-минутта алаңға шыққан Владислав Прокопенко көп ұзамай матчтың нүктесін қойды.

Қорытынды есеп – 1:3, Қазақстан жастар құрамасы іріктеуді жеңіспен бастады.

ЕУРО-2021. Іріктеу кезеңі. 6-топ

Фарер аралдары U-21 – Қзақстан U-21 1:3 (0:1)

Голдар: Радославлевич 85 – Бахтияров 2, Бачек 67, Прокопенко 90+3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или