«Ертісті» сербиялық маман баптайды

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының басшылары сербиялық Милан Милановичтпен келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>56 жастағы Милановичті бапкерлік қызметте табысқа жеткен маман деп айту қиын. Бұл қызметте жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болса да аса биік белесті бағындыра қойған жоқ әлі. Бапкерлік мансабында ілгерінді-кейінді өз елінің және Молдова, Фарер аралдарының бірқатар командаларында қызмет атқарған.</span>
<span>Айта кетейік, бұған дейін «Ертіс» </span>Клубының басшылары жаңа бапкермен осы маусымның соңына дейін жарамды келісімшарт жасасуды жоспарлап отырғанын жазған едік. Бапкерге қойылар басты тапсырма - турнирлік кестеде еурокубоктарға қатысуға мүмкіндік беретін сатыға қол жеткізу. Егер осы тапсырма орындалса келісімшарт автоматты түрде ұзартылады.