«Ертістің» бүйрегі «тұрақсыз» бапкерге бұрды

«Ертістің» бүйрегі «тұрақсыз» бапкерге бұрды

Павлодарлық «Ертіс» жаңа бапкерін тапқан секілді. <span> </span>

Бізге мәлім мәліметтерге сүйенсек, «Ертісті» енді чех маманы Душан Угрин баптайды. Келіссөздер аяқталып, жақын арада бұл маман клубпен келісімшартқа қол қояды.  

Бапкерлік мансабын 2002 жылы бастаған Душан Угрин 2007 жылдан бері 9 клубты тізгіндеген екен. Көп жерде бір жылдан артық тұрақтамаған. Мысалы, минсктік «Динамомен» 2014 жылдың желтоқсан аяғында келісімшартқа отырып, бар болғаны төрт айдан кейін қуылып кеткен.<span> </span>Сондай ақ, чех футболының алыптары Славия мен Викторияны да жаттықтырған. 

<span>Айта кетейік, «Ертісті» баптауы мүмкін бапкерлер қатарында Владимир Никитенко, Равиль Сабитов, Славолюб Муслин, Сергей Гуренко секілді мамандар да болған еді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или