Бельгия - Қазақстан кездесуі бір минут үнсіздіктен басталады

Бельгия - Қазақстан кездесуі бір минут үнсіздіктен басталады

Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өтетін Бельгия - Қазақстан матчы бір минут үнсіздікпен басталатынын УЕФА ресми мәлімдеді. Бұған себеп, бүгін УЕФА-ның бұрынғы президенті Леннарт Юханссонның өмірден озуы

Ұйымның бұрынғы басшысына құрмет ретінде Ұлттар лигасындағы, іріктеу матчтарындағы және жастар арасындағы осы аптадағы ойындардың барлығы төрешінің ысқырығы алдындағы бір минут үнсіздіктен басталады. 

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы маусымның 8-і күні елорда уақыты бойынша түнгі сағат 00:45-те қонақта Бельгиямен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или