Инфантино ФИФА президенті болып қайта сайланды
<span>Швейцариялық Джанни Инфантино Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті болып қайта сайланды. </span>
<span>ФИФА конгресінің делегаттары сәрсенбі күні Парижде осындай шешім шығарды. Бұдан бұрын олар ұйым кеңесінің қағаз жүзінде дауыс беруден бас тарту туралы ұсыныс қолдап, Инфантиноны аккламация - қол соғып, шапалақтау арқылы сайлады. </span>
<span>Инфантино барлығына алғыс айтып, ФИФА-да жұмыс істеудің үлкен құрмет екенін атап өтті. 49 жастағы Инфантино ФИФА президенттігіне жалғыз үміткер болды. </span>
<span>Ол бұл ұйымды 2016 жылдан бері басқарады. Бұған дейін ФИФА-ға ірі жемқорлық дауы салдарынан жұмыстан шығарылған Йозеф Блаттер басшылық еткен болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или