«Атырау» тағы бір футболшысымен қоштасты
«Атырау» клубы хорватиялық шабуылшы Йосип Иванчичпен қош айтысты.
25 жастағы футболшы биыл алаңға 7 мәрте шығып, бір гол мен нәтижелі пастың авторы атанған.
Қазақстанға көшпей тұрып Йосип Иванчич отанында «Кроация», «Задар» және «Риека», словоениялық «Копер», молдавиялық «Шериф» пен израильдік «Хапоэль» (Ашкелон), «Хапоэль» (Хайфа) және «Ашдод» командаларында доп тепкен.
Айта кетейік, бұған дейін «Атырау» клубы словениялық жартылай қорғаушы Желько Филиповичпен қоштасқан болатын.