Азат Нұрғалиев ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

news-banner7
mobile-news-top

«Тобылдың» капитаны Азат Нұрғалиев алдымызда келе жатқан ұлттық құрама матчтарына қатыса алмайды.

Дәрігерлердің айтуынша, футболшының ескі жарақаты сыр берген көрінеді. Физикалық салмақты көп түсірмес үшін, футболшыға уақытша жаттығу жұмыстарына қатыспауға мамандар кеңес берді.

«Тобыл» қатарында Нұрғалиев келесі аптаның басынан бастап жаттыға алады.

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу барысында 8 маусым күні Бельгияға қонаққа барады. 11 маусым күні өз алаңында Сан-Марино ұлттық құрамасын қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер