«Бавария» Хамес Родригесті сатып алмайды

«Бавария» Хамес Родригесті сатып алмайды

«Бавария» «Реалға» тиесілі жартылай қорғаушы Хамес Родригесті сатып алмайтын болды.

Бұл туралы мюнхендік клубтың басқарма төрағасы Карл-Хайнц Румменигге мәлімдеді. 

Колумбиялық футболшы неміс командасының сапында 2017 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Келісімшарт бойынша «Бавария» Хамес Родригес үшін мадридтік командаға 42 миллион евро төлеу қажет.

Бұған дейін мадридтік «Реал» «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны өз қатарына қосу үшін төрт айырбастауға әзір екені белгілі болған. Олардың ішінде Хамес Родригес те бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или