«Астана» өз тарихындағы 250-ші жеңісіне қол жеткізді

«Астана» өз тарихындағы 250-ші жеңісіне қол жеткізді

«Астана» Қазақстан Премьер-Лигасының кезекті туры аясында талдықорғандық «Жетісуға» қарсы ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Бұл жеңіс елорда командасының ресми кездесулердегі 250-ші жеңісі ретінде тіркелді. «Астана» 202 рет Қазақстан Чемпионаты аясындағы ойындарда жеңіске жетсе, қалған жеңістер Еурокубок, Қазақстан Кубогы және Суперкубогы аясындағы ойындарда тіркелді.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Астаналықтар осы межеге жету үшін 429 ойын өткізіп, 709 гол соққан.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Естеріңізге сала кетейік, «Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ болып табылады. «Астана» футбол клубы құрылған жылдан бастап, Қазақстан чемпионатында қатарынан 5 мәрте топ жарса, 3 рет Қазақстан Кубогын, 4 рет Суперкуогын жеңіп алған. Оған қоса елорда командасы Қазақстан тарихындағы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққан тұңғыш клуб.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или