«Тобол» Еуропа лигасы аясындағы матчтарын «Астана-Аренада» өткізеді

«Тобол» Еуропа лигасы аясындағы матчтарын «Астана-Аренада» өткізеді

Қостанайлық «Тобол» футбол клубы Еуропа лигасы аясындағы матчтарын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-Арена» стадионында өткізеді.

Отандық басылымдардың жазуынша, ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап Қостанай әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты екі жарым ай мерзімге жабылады деп жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстары барысында әуежайдың ұшу-қону жолағы қалпына келтірілмек.

Осы себептен, қостанайлық «Тобыл» <span>Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің алғашқы турдағы матчын</span> «Астана-Арена» стадионында қабылдайды.

Айта кетейік, Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің алғашы жеребесі 19 маусымда тартылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или