Неймар мен Мбаппенің «басы бір қазанға сыймады»
ПСЖ клубының ойншылары Неймар мен Мбаппе қырғи-қабақ болып жүр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты L'Equipe басылымына сілтеме жасап.
<span>Мбаппе клубта Неймарға көрсетілетін артықшылықтарға наразы. Оның ішінде жаттығу кестесі бразиялықтың қалауына байланысты құрылатыны Мбаппеге ұнамайды екен. Оның үстіне, Неймардың трансферлік саясатқа ықпал ететіні тағы бар.</span>
<span>Осылайша, клуб Неймар және Мбаппе жақтаушылары болып, екіге бөлініп кеткен.</span>
<span>Неймар ПСЖ сапында рекордты 222 миллион еуроға ауысқан болатын. Мбаппе де сол жылы клуб қатарына қосылды. Трансфер құны - 180 миллион еуро.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или