Бельгиямен матч алдында Қазақстанның екі ойыншысы жарақат алды
Бельгияға аттанбас бұрын Қазақстан құрамасы сапында екі ойыншы жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Бүгін команда екі жаттығу өткізген. Өкінішке қарай, «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев пен «Астананың» қорғаушысы Дмитрий Шомко жарақатына байланысты құраманың алдағы ойындарына қатыса алмайтын болды. Олардың орнына шымкенттік «Ордабасының» футболшысы Тимур Досмағамбетов шақырту алды.
Сондай-ақ, «Қайраттың» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев жарақатынан соң жалпы топқа оралды.
Айта кетейік, Бельгия – Қазақстан ойыны 8 маусымнан 9-на қараған түні өтеді. Кездесу Астана уақытымен 00:45-те басталады.
Ал 11 маусымда «Астана Аренада» Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Мариноны қабылдайды. Кездесу 20:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или