Станислав Лунин «Ертіспен» келісімшартты бұзды

Станислав Лунин «Ертіспен» келісімшартты бұзды

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Станислав Лунин ресми түрде «Ертіспен» келісімшартты бұзып, еркін агентке айналды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазірдің өзінде 26 жастағы футболшыға Қазақстан Премьер лигасында бақ сынайтын бірнеше клуб қызығушылық танытып отыр.

Осыған дейін, «Ертістің» бас бапкері қызметін атқарушы Сергей Климов <span>Луниннің ауыр жарақат алғанын айтқан еді. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, футболшының азырақ жарақаты болғанымен, жасыл алаңмен қоштасатындай ауыр емес. Prosports.kz сайтына белгілі болуынша, Луниннің командадан кетуіне өзге де жағдайлар себеп болып отыр.</span>

<span>Павлодарлық клубтың басынан биыл дау арылар емес. Осыған дейін бас бапкері Димитар Димитровпен де жылы қоштаса алған жоқ.</span>

<span>Бұдан қоса, «Ертіс» үздік ойыншыларының бірі Аслан Дарабаевпен де келісімшартты бұзған еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или