Неймарға зорлау ісі бойынша айып тағылып отыр

Неймарға зорлау ісі бойынша айып тағылып отыр

GloboEsporte.com басылымының мәліметінше, ПСЖ шабуылшысы Неймарға зорлау ісі бойынша айып тағылып отыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұндай арыз Бразилияның Сан-Паулу қаласында тіркелген. Алайда жәбірленушінің сөзіне қарағанда, оқиға 15 мамырда Парижде орын алған.

Жәбірленуші бойжеткеннің айтуынша, ол бразилиялық футболшымен әлеуметтік желі арқылы танысып, Париждегі қонақ үйлердің бірінде жолыққан. Қонақ үйде футболшы жолсыздыққа барып, бойжеткенді өзі қаламаған іске мәжбүрлеген көрінеді.

Ал ойыншының өзі де, оның өкілдері де  бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или