«Реал» Эден Азарға Роналдуға тиесілі нөмірді ұсынбақшы
Мадридтік «Реал» бельгиялық ойыншы Эден Азарға жетінші нөмірлі жейдені ұсынбақшы, деп хабарлайды МатчТВ порталы.
28 жастағы Азар «Челси» және Бельгия құрамасының сапында 10-шы нөмірде өнер көрсетеді. Алайда «Реалда» аталмыш нөмір Лука Модричке тиесілі.
Жетінші нөмірлі жейдеде қазіргі таңда шабуылшы Мариано Диас ойнайды. Бұрын бұл жейде Криштиану Роналдуға тиеселі болған.
<span>Азар ағылшындық клубқа «Лилля» клубынан 2012 жылдың жазында ауысқан еді. Ол кезде бельгиялықтың трансферіне 35 миллион еуро жұмсалды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или