Дмитрий Огай: Біздің бірқатар ойыншыларға тәжірибе жетіскен жоқ

Дмитрий Огай: Біздің бірқатар ойыншыларға тәжірибе жетіскен жоқ

«Астана» Премьер-Лиганың 13-ші туры аясында өз алаңында «Жетісу» командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойын соңында талдықорғандық команда бас бапкері Дмитрий Огайдың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Бірінші кезекте психологиялық тұрғыда жеңіліске ұшырадық. Біздің бірқатар ойыншыларға тәжірибе жетіскен жоқ. Бірінші таймда егер ойынның екінші бөлігіндегідей ойнаған кезде, біз бүгін жеңілмес едік. Біздің командада екінші таймда гол соғатын мүмкіндіктер жеткілікті болды. Алайда, шабуылды соңына дейін жеткізе алмай жаттық. Және де қарсылас командада дәл сондай мүмкіндіктер болғанын айта кеткен жөн. Егер екі команданың құрамына келер болсақ, айтарлықтай айырмашылық бар. Ойынның біз үшін қиын боларын алдын ала білген едік. Біздегі бар мәселе ойыншылардың психологиясында. Команда құрамындағы бірнеше ойыншылар Қазақстан чемпионатының деңгейінде ғана ойнап көрген. Ал қарсылас сапында өз ұлттық құрамаларында, еурокубоктарда ойнайтын тәжірибелі ойыншылар жинақталған. Бізге дәл осындай командаға қарсы ойнаған өте қиын. Дегенмен, команданың екінші таймда көрсеткен ойынына көңілім толды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или