«Оқжетпестің» ойыншысы жанкүйерлерден кешірім сұрады
«Оқжетпес» клубының жартылай қорғаушысы Дарко Зорич «Ордабасыға» 3:0 есебімен есе жібергеннен соң жанкүйерлерден кешірім сұрады.
- Есеп 3:0, не айтуға болады. Ойынды нашар бастадық. Қақпамызға тез голдар кірді. Матчтың басында бұлай ойнауға болмайды. Біздің де гол соғатын 5-6 жақсы мүмкіндіктеріміз болды. Оның үстіне екінші таймда жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Бірақ 3:0 есебімен ұтылғаннан соң бұлай ақталудың қажеті шамалы. Жанкүйерлеріміздің алдында бұл ойын үшін кешірім сұрағым келеді, - деді Дарко Зорич көкшелік клубтың ресми сайтына берген сұқбатында.
Айта кетейік, ел біріншілігінің 13-турында жеңіліс тапқан «Оқжетпес» турнирлік кестеде 8-ші орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или