ҚПЛ. Алаң қожайындары жеңілмеді

ҚПЛ. Алаң қожайындары жеңілмеді

Ел біріншілігінің 13-турында алаң қожайындарына сәттілік жолдас болды. Алты ойынның бірде-біреуінде алаң иелері жеңілмеді. Тек бір кездесу тең аяқталған.

Қазақстан біріншілігінің 13-турының алғашқы ойыны «Атырау» мен «Тараз» арасында өтті. Командалар екінші таймда бір-бір голдан тоғытып, ойынды тең аяқтады.

«Атырау» — «Тараз» 1:1 (0:0)

Голдар: Лобжанидзе пенальтиден 66 (0:1), Бьедов 81 (1:1).

Шымкенттік «Ордабасы» «Оқжетпестің» қақпасына жауапсыз үш доп соқты.

«Ордабасы» — «Оқжетпес» 3:0 (3:0)

Голдар: Жоао Пауло 5 (1:0), Жанғылышбай 14 (2:0), Жанғылышбай 38 (3:0)

Елордалық «Астана» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» жеңді. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды 36 минутта алаң қожайындары сапынан Евгений Постников соқты.

«Астана» — «Жетісу» 1:0 (1:0)

Гол: Постников 36 (1:0).

Қостанайдың «Тобылы» Қарағандыдан келген қонақтарға мүмкіндік қалдырмады. Алдымен 25-ші минутта Бауыржан Тұрысбек есепті ашса, 59-шы минутта Азат Нұрғалиев есепті еселей түсті.

«Тобыл» — «Шаxтер»

Голдар: Тұрысбек, Нұрғалиев

Алматының Орталық стадионында «Қайрат» «Ақтөбенің» қақпасына жауасыз үш гол соқты. Эсеола дубль авторы атанса, қорытынды голды Эппель соқты.

«Қайрат» — «Ақтөбе» 3:0 (0:0)

Голдар: Эсеола 59 (1:0), Эсеола 73 (2:0), Эппель 89 (3:0).

«Қайсар» өз алаңында бас бапкерсіз қалған «Ертісті» 2:0 есебімен ұтты. Екінші таймның басында Тигран Барсегян есепті ашса, ойын соңында Абдель Ламанж командасының екінші добын соқты.

«Қайсар» — «Ертіс»

Голдар: Барсегян 49 (1:0), Ламанж 84 (2:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или