ҚПЛ. Алаң қожайындары дес бермеді
Ел біріншілігінің 13-турында алаң қожайындарына сәттілік жолдас болды.
Елордалық «Астана» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» жеңді. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды 36 минутта алаң қожайындары сапынан Евгений Постников соқты.
«Астана» — «Жетісу» 1:0 (1:0)
Гол: Постников 36 (1:0).
Қостанайдың «Тобылы» Қарағандыдан келген қонақтарға мүмкіндік қалдырмады. Алдымен 25-ші минутта Бауыржан Тұрысбек есепті ашса, 59-шы минутта Азат Нұрғалиев есепті еселей түсті.
«Тобыл» — «Шаxтер»
Гол: Тұрысбек, Нұрғалиев
Алматының Орталық стадионында «Қайрат» «Ақтөбенің» қақпасына жауасыз үш гол соқты. Эсеола дубль авторы атанса, қорытынды голды Эппель соқты.
«Қайрат» — «Ақтөбе» 3:0 (0:0)
Голдар: Эсеола 59 (1:0), Эсеола 73 (2:0), Эппель 89 (3:0).
«Қайсар» өз алаңында бас бапкерсіз қалған «Ертісті» 2:0 есебімен ұтты. Екінші таймның басында Тигран Барсегян есепті ашса, ойын соңында Абдель Ламанж командасының екінші добын соқты.
«Қайсар» — «Ертіс»
Голдар: Барсегян 49 (1:0), Ламанж 84 (2:0).