Серхио Рамос «Реал» сапында қалады
Мадридтік «Реал» команда қорғаушысы Серхио Рамоспен алдағы жазда қош айтысуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.
Алайда капитан «корольдік клуб» сапында қалатын болды.
Rueda de prensa de @SergioRamos. #RMCity | #RealMadrid https://t.co/eDoZokUHIF
— Real Madrid C.F. (@realmadrid) 30 мая 2019 г.
Айта кетейік, бұған дейін «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан Флорентино Перестен Серхио Рамосты жібермеуін өтінген. Футболшы басшылықпен арадағы кикілжіңнен соң командадан кеткісі келетінін мәлімдеген. Қазірдің өзінде 33 жастағы футболшыға «Манчестер Юнайтед» пен «Пари Сен-Жермен» командалары үміткер болып отыр.
Қорғаушы «Реал» сапында 2005 жылдан бері ойнап келеді. Ағымдағы маусымда Рамос 40 матч өткізіп, 10 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или