«Хетафе» «Астананың» бұрынғы футболшысын сатып алды
«Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Неманья Максимович келесі маусымда «Хетафе» сапында қалады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Өткен маусымда «Хетафе» 24 жастағы сербті «Валенсиядан» жалға алған болатын. Мадридтік клуб 10 миллион еуро төлеп, Максимовичті сатып алды. Жаңа келісімшарт 2024 жылдың маусымына дейін жасалған.
Айта кетейік, «Валенсияға» Максимович «Астанадан» еркін агент ретінде кеткен болатын.
Өткен маусымда серб футболшысы «Хетафе» сапында Испания Примерасында 36 матчқа қатысып, 1 гол соқты.
Ал «Астанада» Неманья 2015-2017 жылдар арасында ойнап, 75 рет алаңға шыққан. Осы ойындарда ол 12 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или