«Барселона» жазда «Валенсияның» екі ойыншысын сатып алмақ
«Барселона» футбол клубы алдағы трансферлік ауысым кезінде «Валенсияның» екі бірдей ойыншысын сатып алуды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.
30 жастағы жартылай қорғаушы Дани Парехо мен 28 жастағы шабуылшы Родриго каталониялық клубтың назарын аударған.
Парехоның қазіргі командасымен келісімшарты 2022 жылға дейін жарамды. Оны сатып алу үшін кем дегенде 50 млн еуро қажет. Биылғы маусымда Парехо 56 ойынға қатысып, 10 гол соқты және 9 нәтижелі пас берді.
Ал Родригоның да 2022 жылға дейін жасалған келісімшарты бар. Әрі трансферлік құны да аз емес, кем дегенде 120 млн еуро тұрады. Ол биыл 51 матчқа қатысып, 15 гол соқты және 10 нәтижелі паспен көзге түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или