«Реал» Рамосты сатуға келісті
Мадридтік «Реал» команда қорғаушысы әрі капитаны Серхио Рамоспен алдағы жазда қош айтысуы мүмкін.
Бұған дейін Серхио Рамостың «Реалдың» президенті Флорентино Переске Қытайдан ұсыныс түскенін, командадан жіберуді өтінген. Алайда Флорентино Перес оны тегін жібермеуді шешті. «Реал» 33 жастағы қорғаушы үшін 100 миллион еуро сұрап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан Флорентино Перестен Серхио Рамосты жібермеуін өтінген. Футболшы басшылықпен арадағы кикілжіңнен соң командадан кеткісі келетінін мәлімдеген. Қазірдің өзінде 33 жастағы футболшыға «Манчестер Юнайтед» пен «Пари Сен-Жермен» командалары үміткер болып отыр.
Қорғаушы «Реал» сапында 2005 жылдан бері ойнап келеді. Ағымдағы маусымда Рамос 40 матч өткізіп, 10 гол соқты.