«Қайрат» үш футболшысымен қош айтысуы мүмкін
Ел чемпионатында сәтсіз өнер көрсетіп жүрген «Қайрат» клубының бірнеше ойыншылары командасын ауыстыруы мүмкін.
<span>Қорғаушылар Ғафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов пен Александр Соколенко және жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаевқа ұсыныстар түскен. Алайда олардың командадан кетуі туралы бір шешім қабылданған жоқ. Клубтың бас бапкері Алесей Шпилевский аталған футболшылармен айырылысқысы жоқ.</span>
Айта кетейік, «Қайрат» Премьер-лиганың 12-турынан соң бесінші орында тұр. Бұған дейін алматылық ұжым Әзірбайжан құрамасының қақпашысы Салахат Агаевқа қызығушылық танытқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или