Сейдахметтің командасы Еуропа лигасына жолдама алды

 Сейдахметтің командасы Еуропа лигасына жолдама алды

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахметтің командасы Болгария чемпионатының плей-офф кезеңінде «Этыр» клубын жеңіп, Еуропа лигасына жолдама алды.

<span>Ойын алаң қожайындарының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды 71-ші минутта Валери Божинов соқты.</span>

<span>Бұл ойында Еркебұлан Сейдахмет қосалқы құрамда қалып, алаңға шықпады.</span>

<span>Айта кетейік, </span>19 жасар футболшы EURO-2020 іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындарға шақырту алмаған, оның орнына Қазақстан U-21 құрамасының сапына қосылады. Қазақстан жастар құрамасы 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Фарер аралдары (6 маусым) мен Черногорияға (10 маусым) қарсы матч өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или