«Реалдың» президенті: Рамосты тегін жібермейміз

«Реалдың» президенті: Рамосты тегін жібермейміз

«Реалдың» президенті Флорентино Перес қорғаушы Серхио Рамостың командадан кетуі мүмкін екенін айтты.

«Ол менің кеңсеме келіп Қытайдан ұсыныс түскенін, бірақ мені сатып ала алмайтындарын айтты. Мен оған тегін кетпейтінін түсіндірім.

Команда капитанын тегін жіберген дұрыс емес. Қазір командадағы ең көп жалақыны Рамос алады. Ол бұған лайықты, – деді Перес.

Айта кетейік, бұған дейін «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан Флорентино Перестен Серхио Рамосты жібермеуін өтінген. Футболшы басшылықпен арадағы кикілжіңнен соң командадан кеткісі келетінін мәлімдеген. Қазірдің өзінде 33 жастағы футболшыға «Манчестер Юнайтед» пен «Пари Сен-Жермен» командалары үміткер болып отыр.

Қорғаушы «Реал» сапында 2005 жылдан бері ойнап келеді. Ағымдағы маусымда Рамос 40 матч өткізіп, 10 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или