Әлем футболы

Маурицио Сарри тағы қызбалыққа салынды

news-banner7
mobile-news-top

Бұл жолы жас қақпашы емес, тәжірбиелі қорғаушы мен шабуылшы ашуына тиді.

Еуропа лигасының финалы алдында «Челси» командасы жаттығу өткізді. Жаттығу барысында Давид Луиз бен Гонсало Игуаин сөзге келіп қалып, бас бапкер Маурицио Сарридің ашуын туғызған. Футболшыларының жанында біраз уақыт қалғанымен, маман аздан соң ашуға булығып, бас киімін лақтырып, кейін оны теуіп киім ауыстыратын бөлмеге қарай бағыт алды.

Еске сала кетейік, «Арсенал» мен «Челси» арасындағы Еуропа лигасының финалдық кездесуі бүгін түнгі 01:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер