«Қайратты» баптайды деген Курбан Бердыевке он есе аз жалақы ұсынылды
«Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы әрі бапкері Курбан Бердыевке қазіргі командасы «Рубин» он есе аз жалақы ұсынды.

«Рубиннің» бас бапкері жылына 3 миллион еуро жалақы алады екен. Бұл көрсеткішпен ол Ресей Премьер-лигасының ең көп айлық алатын жаттықтырушысы атанды. Клуб басшылығы ұсынған жаңа келісімшартта Курбан Бердыевке 300-400 мың еуро жалақы көрсетілген.

Айта кетейік, 66 жастағы маманның жақын арада «Рубин» клубының бас бапкері қызметінен кететіні белгілі болған. Осы ақпарат шыға сала, соңғы жылдары бапкерден жолы болмай жүрген алматылық клуб Бердыевті шақыруы мүмкін екені айтылған еді.

Алайда білікті бапкер Қазақстанға келуді жоспарлап отырмаған көрінеді. Қайта ресейлік үздік командалардың бірі - ЦСКА-мен келіссөз жүргізіп жатыр.