«Қайрат» әзірбайжандық қақпашы үшін 235 мың доллар ұсынған
Алматылық «Қайрат» қызығушылық танытқан Әзірбайжан құрамасының қақпашысы Салахат Агаев мансабын отанында жалғастырады.
Futbolinfo сайтының мәліметінше, «Қайрат» тәжірибелі қақпашы үшін «Нефтчи» клубына 235 мың доллар төлеуге дайын болған. Алайда Салахат Агаев «Нефтчи» клубымен келісімшартын ұзартуды жөн деп шешіпті.
28 жастағы қақпашы мансабын тек Әзірбайжанда өткізген. Өткен маусымда «Нефтчи» командасында 28 матч өткізіп, оның 12-нде қақпасын құрғақ ұстаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или