Ресейлік басылым Гаттузоның Қазақстан құрамасын не себепті тізгіндеуден бас тартқанын мәлімдеді

Ресейлік басылым Гаттузоның Қазақстан құрамасын не себепті тізгіндеуден бас тартқанын мәлімдеді

Ресейлік Sports.ru сайты «Миланның» қазіргі бас бапкері Дженнаро Гаттузоның кезінде Қазақстанға не үшін келмегенін мәлімдеді.

Басылымның жазуынша, Гаттузо 2016 жылы Қазақстан құрамасымен алдын ала келісімшартқа отырған. Алайда Астананың суығын алғаш көргенде бұл шешімнен бас тартқан.

Айта кетейік, 2016 жылы Қазақстан футбол федерациясы Дженнаро Гаттузоға ұлттық құраманы тізгіндеу туралы қолқа салған болатын. Алайда соңғы сәтте италиялық маманның Қазақстанға келмейтіні белгілі болды. Өткен жылы Гаттузо ITA Sport Press-ке берген сұқбатында ол Қазақстан құрамасын жаттықтыруға жақын болған, алайда әйелі үшін бұл ұсыныстан бас тартқанын айтқан еді.<br /><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или