«Астана» ганалық шабуылшыға ұсыныс жасады

«Астана» ганалық шабуылшыға ұсыныс жасады

Ел чемпиондары «Астана» ганалық шабуылшы Жоэль Фамейеге ресми ұсыныс жасады.

Елордалық ұжым Беларусьтің «Динамо» командасының намысын қорғайтын футболшыны қатарына қоспақ.

22 жастағы шабуылшы мансабын отанында «Асоква Депортиво» командасында бастаған. Артынша «Олл Старз» командасында доп теуіп, Беларусьтің «Белшина» ұжымына ауысты.

Ал 2016 жылдан бері «Динамоның» жейдесінде доп тебеді. Бресттің «Динамосында» Жоэль Фамейе 92 матч өткізіп, 29 гол мен 12 нәтижелі пастың авторы атанған. Нарықтағы құны - 250 мың еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или