Бельгия бапкері «Барселонаға» жетекшілік етуі мүмкін
Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес «Барселона» жетекшісін алмастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
45 жастағы маман Мартинес - каталониялық клуб бас бапкерлігіне басты үміткерлердің бірі. «Барселонаға» Нидерланды құрамасының бас бапкері Роналд Куман жетекшілік етеді деген сыбыстар шыққан болатын.
Испанияның белді El Mundo Deportivo порталының мәліметінше, жақын арада «Барселона» басшылары бас бапкер Эрнесто Вальвердені орнынан босатады. Ол шешімге клуб өкілдері Испания кубогының финалында «Валенсияға» есе жібергеннен кейін келген екен.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы ЕУРО-2022 іріктеу туры аясында Бельгиямен 9 маусымда кездеседі. Матч елорда уақыты бойынша 00:45-те басталады.