Атақты Лэмпард баптайтын команда АПЛ-ға шыға алмады

Атақты Лэмпард баптайтын команда АПЛ-ға шыға алмады

Келесі маусымда Ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін соңғы жолдамаға «Астон Вилла» ие болды.

<span>Чемпионшип плей-оффының финалында Фрэнк Лэмпард тізгіндейтін «Дерби Каунти» лық толы «Уэмбли» стадионында «Астон Виллаға» 1:2 есебімен есе жіберді. «Норвич» пен «Шеффилд Юнайтедтің» ізін ала «Астон Вилла» да АПЛ-ға жолдама алды. </span>

<span>Айта кетейік, Фрэнк Лэмпардты «Челси» өзіне бапкер ретінде шақырды деген сыбыс тараған еді. Алайда, «Дерби Каунти» жас маманды клубта сақтап қалғысы келеді. </span>

<span>Сонымен қатар, «Челсидің» аңыз ойыншыларының бірі Джон Терри, «Астон Вилла» командасының бас бапкері Дин Смиттың көмекшісі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или