Черногория жастарының Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылғандар тізімі

Черногория жастарының Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылғандар тізімі
Черногория U-21 құрамасының бапкері Миодраг Вукотич Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Вукотич Грузия және Қазақстанмен өтетін ойынға 27 футболшыны шақырды:

Қақпашылар:<span> </span>Лазар Царевич («Барселона», Испания), Филип Джукич («Видовре», Дания), Балша Попович («Грбаль»); 

Қорғаушылар:<span> </span>Стефан Милич («Будучност»),  Лука Малешевич, Милош Дринчич (екеуі де - «Искра»), Янник Филипович («Кайзерслаутерн», Германия), Балша Банович («Титоград»), Доменико Шкрелия (Сент-Джозеф университеті, АҚШ), Богдан Расо («Арсенал Тиват» ), Андрия Ражнатович («Рудар»), Марко Мердович («Грбаль»); 

Жартылай қорғаушылар:<span> </span>Огнен Стижепович («Сампдория», Италия), Владан Бубанья, Милутин Осмайич (екеуі де - «Сутьеска»), Илия Вукотич («Бенфика», Португалия), Данило Маркович («Рудар»), Марко Миличкович («Титоград»), Срджан Крстович («Зета»), Алия Крнич («Явор», Сербия), Лазарь Вучичевич, Анджелко Йованович («Младост Льешкополье»); 

Шабуылшылар:<span> </span>Балша Секулич («Титоград»), Никола Крстович («Зета»), Мерис Скендерович («Хартберг», Австрия), Владан Кордич («Грбаль»), Сергей Грубац («Кьево», Италия).

 Черногория жастар құрамасы 5 маусым күні Грузиямен жолдастық матч өткізеді. Ал, 11 маусым күні Подгорица қаласында 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан жастар құрамасын қабылдайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или