Маурицио Сарри жақын уақытта «Ювентусті» тізгіндеуі мүмкін

Маурицио Сарри жақын уақытта «Ювентусті» тізгіндеуі мүмкін

«Челсидің» бас бапкері Маурицио Сарри жақын уақытта Италияға оралуы мүмкін.

Италиялық маман «Ювентус» клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұған дейін туриндік команданың басшылығы қазіргі бас бапкер Массимилиано Аллегридің қызметінен кететінін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ «Манчестер Ситидің» бапкері Хосеп Гвардиола «Ювентусті» жаттықтырудан бас тартқан.

Айта кетейік, «Ювентус» осы маусымда Италия чемпионы атанған. Бірақ Италия кубогы мен Чемпиондар лигасынан ұшып кетті.

Ал Сарридің «Челсиі» үшін маусым әлі аяқталған жоқ. Лондондық клуб Англия Премьер-лигасында 3-ші орын алған. Енді команда Еуропа лигасының финалында лондондық «Арсеналмен» кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или