Милнер: Месси мені «есекке» теңеді

Милнер: Месси мені «есекке» теңеді

«Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Джеймс Милнер УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық матчында «Барселонаның» ойыншысы Лионель Месси оны <span>«есек» деп балағаттағанын айтты.</span>

«Мессидің нәтижеге көңілі толмай тұрды. Киім ауыстыратын бөлмеге барар жолда ол маған испанша сөйлеп жатты. Лео мені <span>burro деп атады. Бұл сөз есек деп аударылады. Бірақ футболшылар дөрекі ойнайтындарды солай дейтін еді. </span>

<span>Одан бәрі дұрыс па деп сұрадым. Бірақ ол менің испанша түсінетінімді байқамаған секілді</span>», — деп келтіреді Милнердің сөзін Daily Mail басылымы.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Ливерпуль» қос матчтың нәтижесі бойынша «Барселонаны» ұтып, финалға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или