ВИДЕО. Төреші гол соғып, оны есепке алды
Голландияда әуесқой футбол жоғары лигасы аясында өткен соңғы тур матчында бас төреші «Харкемасе Бойз» клубының қақпасына гол соғып және оны есепке алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Хоек» командасы футболшыларының шабуылы нәтижесінде доп бірнеше рет қақпаға ене жаздап, голкипер шеберлігімен жойқын соққыларды қайтара білді.
Осындай сәттердің бірінде доп төрешіге қарай жөнелтілді. Ал ол болса сол аяқпен қақпаға қарай бағыттап, «Харкемасе Бойз» клубының қақпасына гол соғып алады. Футболшылар қанша ашуланғанымен, арбитр бұл голды есепке алды.
Nog nooit meegemaakt dit pic.twitter.com/sGyixN0gFb
— Harkemase Boys (@HarkemaseBoys) 25 мая 2019 г.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или