ЧЛ: «Астанаға» алғашқы турда қарсылас болуы мүмкін барлық команда белгілі
«Астана» Чемпиондар Лигасы жаңа маусымындағы алғашқы қарсыласын 18 маусымда білетін болады, деп жазады Prosports.kz.
Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің алғашқы жеребесі 18 маусымда тартылады. Бұл турнириге еліміз атынан биыл да «Астана» футбол клубы қатысады.
Еуропада көптеген елдердің і<span>шкі чемпионаттары аяқталып, келер жылы еурокубоктарда бақ сынайтын командалар белгілі болды. Осы қатарда, чемпиондар лигасын іріктеу кезеңінен бастайтын командалар да анықталды.</span>
Іріктеу кезеңінің алғашқы турында «Астанаға» қарсылас атануы мүмкін командалар:
- «Сараево» (Босния және Герцеговина);
- «Валлетта» (Мальта);
- «Пяст» (Польша);
- «Пюник» (Армения);
- ЧФР «Клуж» (Румыния);
- «Ференцварош» (Венгрия);
- «Нымме Калью» (Эстония);
- «Сутьеска» (Черногория);
- «Партизани» (Албания);
- «Валюр» (Исландия);
— «Линфилд» (Солтүстік Ирландия);
— ХБ «Торсхавн» (Фарер аралдары);
- «Рига» (Латвия);
- «Сабуртало» (Грузия).
Айта кетейік, алғашқы турдың матчтары <span>9-10 шілде және 16-17 шілде күндері өтеді.</span>