«Челсиді» Фрэнк Лэмпард жаттықтыруы мүмкін
«Дерби Каунти» бас бапкері Фрэнк Лэмпард енді «Челсиді» жаттықтыруы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz <span>сайты. </span>
The Sun ақпараты бойынша, клубтың қазіргі бапкері Маурицио Сарри «Ювентусқа» ауысып кетсе, лондондық клубтың тізгінін Лэмпард ұстамақ.
Лэмпард 2001-2014 жылдар арасында «Челсиде» ойнаған болатын. Ол клубпен бірге Англия чемпионатын үш рет жеңіп алды. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасын еншіледі.
Осы маусымда Лэмпард «Дерби Каунтимен» бірге чемпионшипте 6-шы орын алып, премьер-лигаға жолдама беретін плэй-оффтың финалына шыққан. Енді 27 мамырда команда «Астон Вилламен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или