Қазақстандық командалардың Еуропа лигасындағы қарсыластары
Еуропа лигасына қатысатын қазақстандық командалар жаңа маусымдағы алғашқы қарсыластарын 19 маусымда білетін болады, деп жазады Prosports.kz.
Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің алғашқы жеребесі 19 маусымда тартылады. Бұл турнириге еліміз атынан биыл «Қайрат», <span>«Тобыл», «Ордабасы»</span> футбол клубтары қатысады.
Дәл қазіргі сәтте көптеген елдің ішкі чемпионаттары мәресіне жетіп, еурокубоктарда бақ сынайтын командалар анықталуда. Сол қатарда іріктеу кезеңінің алғашқы турында қазақстандық командалардың <span>қарсыласы атануы мүмкін бірқатар клуб белгілі болды.</span>
- «Левадия» (Эстония);
- ДАК 1904 «Дунайска Стреда» (Словакия);
- «Ружомберок» (Словакия);
- «Б-36 Торсхавн» (Фарер аралдары);
- «Чихура» (Грузия);
- «Дебрецен» (Венгрия);
- «Торпедо» ( Грузия);
- «Милсами» (Молдова);
- «Гонвед» (Венгрия);
- «Флора» (Эстония);
- «Лиепая» (Латвия);
- «Хибернианс» (Мальта);
- КР «Рейкьявик» (Исландия);
- «Бальцан Ювс» (Мальта);
- «Шэмрок Роверс» (Ирландия);
- «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина);
- «Коннах Куэй Номадс» (Уэльс);
- «Сент-Патрикс Атлетик» (Ирландия);
- «Академия Пандев» (Македония);
- «Петрокуб» (Молдова);
- «Сперанца» (Молдова);
- КуПС (Финляндия);
- РоПС (Финляндия);
- «Интер» ( Финляндия);
- «Брейдаблик» (Исландия);
- «Струмбрас» (Литва);
- РФШ (Латвия);
- «Гзира Юнайтед» (Мальта);
- «Нарва Транс» (Эстония).
Бұл қатарға алдағы уақытта тағы бірнеше чемпионаттан командалар қосылады.
Айта кетейік, Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің бірінші тур ойындары <span>11 және 18 шілде күндері өтеді. </span>