«Реал» жазда трансферге 600 млн еуро жұмсамақ

«Реал» жазда трансферге 600 млн еуро жұмсамақ

Алдағы жазғы трансфер уақытында «Реал» 600 миллион еуро жұмсауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

<span>Le Parisien ақпараты бойынша, «Корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес команданың бас бапкері Зинедин Зиданға жазда трансфер жасауы үшін 600 млн еуро бермек. Француз маманының ұсынысы бойынша мадридтік команда ПСЖ-дан Килиан Мбаппені сатып алуға тырысады. </span>

<span>Айта кетейік, бұған дейін «Реал» жазда екі трансфер жасап қойған болатын – «Порту» қорғаушысы Эдер Милитао мен «Сантос» вингері Родригоны сатып алған. </span>

<span>Естеріңізге салсақ, мадридтік команда өткен маусымды сәтсіз өткізген еді. Клуб Ла Лигада үшінші орын алса, Чемпиондар лигасында 1/8 финалдан ұшып кеткен болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или