Қазақстандық екі футболшы ойнайтын минскілік клуб ірі есеппен ұтылды
Қазақстандық футболшылар Владислав Васильев пен Жахонгир Ходжамов өнер көрсететін минскілік «Энергетик-БГУ» Беларусь Жоғары лигасының тоғызыншы турында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Васильев пен Ходжамовтың командасы «Витебскпен» кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Васильев матчты негізгі құрамда бастап, 90 минутты толық өткізді. Ал Ходжамов матчқа қатыспады. </span>
<span>9-турдан соң «Энергетик-БГУ» алты ұпаймен 14-ші орында келе жатыр. «Витебск» болса, 13 ұпай еншілеп, жетінші орынға көтерілді. </span>
<span>Айта кетейік, Владислав Васильев биыл ақпанда Қазақстанның кеңейтілген құрамына енген болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или