Зайнутдиновтың командасы – жанкүйерлер саны бойынша үздіктер қатарында
Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Ростов» ФК Ресей Премьер-лигасында жанкүйерлердің стадионға жиналуы бойынша үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Осы маусымда «Ростовтың» өз алаңындағы матчтарына 465 513 жанкүйер жиналған, әр матчта орта есеппен – 31 034 көрермен. Бұл көрсеткіш бойынша «Ростов» Ресейде екінші орын алды.
Бірінші орында петерборлық «Газпром-Арена» тұр. «Зениттің» матчтарын стадионнан тамашалау үшін 673 587 адам келген.
Айта кетейік, Ресей Премьер-лигасының 29-турынан соң «Ростов» 7-ші орын еншіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или