«Қайраттың» тізгінін ұстауы мүмкін Курбан Бердыевтың жалақысы қанша?

«Қайраттың» тізгінін ұстауы мүмкін Курбан Бердыевтың жалақысы қанша?

Ресейлік БАҚ «Қайраттың» тізгінін ұстауы мүмкін Курбан Бердыевтың жалақысын жариялады.

«Рубиннің» бас бапкері жылына 3 миллион еуро жалақы алады екен. Бұл көрсеткішпен ол Ресей Премьер-лигасының ең көп айлық алатын жаттықтырушысы атанды. Екінші орынға «Локомотивті» тізгіндеген Юрий Семин жайғасқан. Үздік үштікті ЦСКА-ның жаттықтырушысы Виктор Гончаренко түйіндеді.

РПЛ клубтарының бас бапкерлерінің жылдық жалақысы:

1. Курбан Бердыев («Рубин») — 3 000 000 евро
2. Юрий Семин («Локомотив») — 2 000 000
3. Виктор Гончаренко (ЦСКА) — 1 500 000

4. Олег Кононов («Спартак») — 1 400 000
5. Сергей Семак («Зенит) — 1 200 000
6. Миодраг Божович («Крылья Советов») — 700 000
7. Рашид Рахимов («Ахмат») — 600 000
8. Мурад Мусаев («Краснодар») — 500 000
9. Дмитрий Аленичев («Енисей») — 400 000

10-11. Владимир Федотов («Оренбург») — 320 000
10-11. Дмитрий Парфенов («Урал») — 320 000
12-13. Игорь Черевченко («Арсенал») — 300 000
12-13. Валерий Карпин («Ростов») — 300 000
14. Вадим Евсеев («Уфа») — 240 000
15. Дмитрий Хохлов («Динамо») — 180 000
16. Магомед Адиев («Анжи») — 120 000.

Айта кетейік, ресейлік «Рубин» клубының бас бапкері Курбан Бердыев 2018/19 жылғы маусым аяқталысымен қызметінен кететіні белгілі болды. 66 жастағы маман «Рубинді» 2001-2013 жылдары аралығында жаттықтырды. Сосын 4 жылдық үзілістен соң қазандық ұжымға қайта оралды.

Курбан Бердыев қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өйткені ол өткен ғасырдың 80-ші жылдары алматылық «Қайратта» доп тепкен. Ал 90-шы жылдары жаттықтырушы мансабын дәл осы командада бастады. Бұған дейін Курбан Бердыев «Қайраттың» тізгінін ұстауы мүмкін екені туралы ақпарат шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или