Қазақстандық футболшы «Ростов» - «Зенит» матчының үздік ойыншысы атанды
Беделді Whoscored.com статистикалық порталы Ресей чемпионатының 29 туры аясында өткен «Ростов» - «Зенит» (1:0) матчына қатысқан футболшыларды бағалады.
Матчтың үздік ойыншысы болып «Ростов» клубы мен Қазақстан құрамасының футболшысы Бактиер Зайнутдинов танылды. Қазақстандық футболшы 7,4 ұпай жинаған.
Бактиер Зайнутдинов командасының гол соғуына үлесін қосты. Қазақстандық шабуылшы бастаған шабуылдан кейін төреші «Зениттің» қақпасына пенальти белгіледі. Иван Попов он бір метрлікті сәтті қолданды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или