Меркель намысын қорғайтын «Хераклес» еурокубоктен алшақтады
Голландия атынан келесі маусымда Еуропа лигасында өнер көрсетуге таласып жатқан «Хераклес» өз алаңында есе жіберді.
Нидерланд біріншілігінде қорытынды кестеде 5-ші орыннан 8-ші орынға дейін жайғасқан командалар Еуропа лигасының соңғы жалғыз жолдамасын таласады. Төрт ұжымнан құралған кәдімгі жартылай финал. Командалар қонақта және өз алаңында бір-бір матчтан өткізеді. Финалдық ойын біреу.
Жартылай финалдың алғашқы кездесуінде қазақстандық футболшы Александр Меркель өнер көрсететін <span>«Хераклес» өз жерінде «Утрехттен» 0:2 есебімен ұтылып қалды. Меркель бірінші таймнан кейін алаңдағы орнын әріптесіне босатты. Қарымта кездесу мамырдың 21-і күні өтеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или