Цхададзе: Кейбір футболшылар командаға сіңісе алмай жүр
«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе «Таразға» қарсы матчтан кейінгі сұқбат барысында қарсыластың шабуылына әбден дайындалғанын атап өтті.
- Әдемі және маңызды жеңіс. <span>«Тараздың» шабуыл шебі мықтылардан жасақталғанын білеміз. Қанша жерден ұқыпты болуға тырыссақ та бірнеше қауіпті сәттерді жіберіп алдық. Бірақ, нәтижелі матч үшін шәкірттеріме рахмет.</span>
<span>Қазіргі таңда «Ордабасы» командалық футбол көрсетіп жүр. Жасыратыны жоқ, командаға сіңісе алмай жүрген бірнеше футболшы бар. Мысалы, Бадибанга. Бәрі көрді, тырысып-ақ жүр. Тек, уақыт керек. Алексей Щеткин де жарақатынан айығып, жақын арада алаңға оралады деп үміттенемін.</span>
<span>Бірнеше күннен кейін «Атырауға» қарсы матч өткіземіз. Негізгі құрамға өзгеріс енгізуім де мүмкін. Ол енді футболшылардың жағдайына байланысты. </span>