«Қайсар» екінші орнын сақтап қалды
ҚПЛ-дың 11-турында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында қызылордалық «Қайсардан» жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Матчтың басында қонақтар есеп ашты. 10-минутта Тигран Барсегян қанжығасын майлады. Ал 36-минутта Данило Алвес есепті теңестіріп тастады.
Бірақ «қасқырлар» екніші таймда өз дегеніне жетті. 75-минутта Джон Джошуа «Қайсарға» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 1:2.
Осы жеңістен соң 23 ұпай жинаған «Қайсар» екінші орнын сақтап қалды. Ал «Оқжетпес» 14 ұпаймен 8-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или